Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда біз таулы Сейір аймағында тұрып жатқан ағайындарымыз — Есаудың ұрпақтарының жанынан өтіп, Араба деген елсіз алқаптағы жолдан бұрылып, Елат пен Есион-Гәбер қалаларына жақындамай, Моаб еліндегі құла түзге қарай бағыт алдық. Сүлеймен патша Едом жерінің Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Елат қаласының жанындағы Есион-Гәберде кемелер де жасатты. Жосапат патша алысқа жүзіп бара алатын үлкен сауда кемелерін жасатып, Опыр елінен алтын алып келуге жіберген еді. Бірақ сол кемелері алысқа ұзамай, сапарға шықкан Есион-Гәбер кемежайының маңында апатқа ұшырады.
Выбор основного перевода