Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Жүсіп әкесі мен аға-інілерін Мысырға қоныстандырып, перғауын айтқан Рамсес қаласының төңірегіндегі ең жақсы жерді олардың меншігі етіп пайдалануға берді. — Бұдан былай осы ай сендер үшін айлардың басы, жылдың алғашқы айы болсын. Сонымен Исраилдің үрім-бұтағы Рамсес қаласының маңынан Соқотқа қарай беттеді. Әйелдері мен балаларын есептемегенде шамамен алты жүз мың еркек жаяу жолға шықты. Бүгін, абиб айында, Мысырдан шығып бара жатырсыңдар. Осылайша Жаратқан Ие Мысыр патшасы перғауынның жүрегін қасарыстырып қойды, сонда ол нық сеніммен алға басқан исраилдіктердің артынан қуа жөнелді.
Выбор основного перевода