Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шатыр үшін аққарағаннан қырлы бөренелер жасат, олар қабырғалары ретінде тік тұрмақ. Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасат: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін екі тағаннан дайындалсын. Киелі шатырдың оңтүстік, солтүстік және батыс қабырғалары үшін аққарағаннан көлденең бес сырықтан жасат. Аққарағаннан төрт бағана жасалып, алтынмен қапталып, оларға алтын ілгіштер орнатылсын. Бағаналар төрт күміс тағанға бекітіліп тұрғызылсын. Шымылдықты бағаналардағы алтын ілгіштерге ілгізіп қой. Оны іліп қою үшін аққарағаннан бес бағана жасатып, алтынмен қаптатып, оларға алтын ілгіштер орнатқыз. Бағаналарға арнап қоладан бес таған құйдыр. Мераридің ұрпақтарын да ата-тектері мен әулеттері бойынша санақтан өткіз. Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілерін сана. Кездесу шатырына қатысты жұмыс істегенде оларға мынадай міндет жүктеледі: олар шатырдың бөренелерін, көлденең сырықтарын, бағаналарын, күміс тағандарын, ауланы айнала орналасқан бағаналарды, тағандарын, арқандарын, олардың барлық құрал-саймандары мен солардың қызметіне қатыстының бәрін алып жүруге міндетті. Қай затты кімнің алып жүруге тиіс екендігін аттарымен атап тағайындау керек.
Выбор основного перевода