Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Леуінің ұлдары: Герсон, Қахат, Мерари. Тараған тармақтары бойынша берілген Леуінің ұрпақтарының аттары мыналар: Герсон, Қахат, Мерари. Леуі жүз отыз жеті жыл өмір сүрді. Герсонның үрім-бұтағы: Лібіни, Шимей және олардан тараған ұрпақтары. Қахаттың ұрпақтары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел. Қахат жүз отыз үш жыл жасады. Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши. Бұл — Леуінің тармақтары бойынша берілген үрім-бұтағы. Ымрам әкесінің қарындасы Иохебедке үйленді. Олардан Һарон мен Мұса дүниеге келді. Ымрам жүз отыз жеті жыл өмір сүрді. Ысқардың ұрпақтары: Қорах, Непек, Зіхри. Ұзиелдің ұлдары: Мишайл, Елісапан, Сітри.
Выбор основного перевода