Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол бүкіл Исраил қауымынан қабілетті адамдарды таңдап, оларды мың, жүз, елу және он адамға басшылық етуге тағайындады. Осы адамдар әрдайым халыққа төрелік етіп, күрделі мәселелерді Мұсаға жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырды. Мұса оларға:— Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: әрқайсың семсерлеріңді белдеріңе байлап алып, қонысты бір қақпасынан екінші қақпасына дейін әрі-бері аралай жүре, (күнәға батқан) бауырларың, дос-жарандарың мен көршілеріңнің көзін құртыңдар! — деді. Сонда Ілияс оларға: «Бағалдың пайғамбарларын ұстаңдар! Ешқайсысының қашып құтылуына жол бермеңдер!» — деп бұйырды. Халық оларды ұстап алды. Содан Ілияс бәрін Қишон сайына бастап алып барып, сол жерде көздерін құртты.
Выбор основного перевода