Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бері қараңдар! Балағамның кеңесі бойынша Пеғордың маңында исраилдіктерді азғындыққа еліктіріп, олардың Жаратқан Иеге опасыздық жасауларына себепші болған солар емес пе еді?! Содан да Жаратқан Иенің халқының арасында індет жайылды ғой! Жаратқан Ие мысырлықтардың барлық тұңғыштарын қырғынға ұшыратқандықтан, олар сол күні тұңғыштарының мәйіттерін жерлеп жатты. Себебі Жаратқан Ие олардың жалған тәңірлеріне Өзінің үкімін жүзеге асырған еді. Марадан шығып, Елимге жетіп тоқтады. Сол шұратта он екі су көзі, жетпіс құрма ағашы болды. Уа, халқым, есіңе түсірші: Моаб патшасы Балақ қандай жоспар құрып, Беғор ұлы Балағам оған не деп жауап берген еді? Шиттимнен Ғылғалға көшкендеріңде жолшыбай не болды? Сол оқиғаларды естеріңе алыңдар, сонда Мен — Жаратқан Ие істеген әділ істерімді ұғатын боласыңдар». Ата-бабаларымыздың кейбіреулері секілді азғындыққа түспейік! Сол кінәлары үшін олардың жиырма үш мыңы бір күнде өлді. Олар баяғыдағы Босор ұлы Балағамның жолына түсіп, тура жолдан тайып, адасып кетті. Балағам әділетсіз ісі үшін алатын сыйын қатты ұнатты, Алайда саған айтар біраз наразылығым мынау: араларыңда Балағамның ілімін ұстанушылар бар. Сол көріпкел ежелде Исраилге қарсы шыққан Балаққа халықты күнәға азғыруды үйреткен: оларға жалған тәңірлерге шалынған құрбандықтардың етін жегізді әрі азғындық жасатты.
Выбор основного перевода