Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, Халық бөгде тәңірлерге табынды,Бұларымен Жаратқанды ызаландырды,Жексұрын пұттармен қаһарландырды, Құдай емес мүсіндерге табынды,Осылай қызғанышымды тұтандырды,Тәңірсымақтарымен Мені қаһарландырды.Сонда Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылыОлардың қызғаныштарын тұтандырамын,Иә, өздері түсінігі жоқ деп санайтынӨзге халықпен оларды ашуландырамын! Биіктеу жерлерде тәңірсымақтарға арнапҒибадат ететін орындарын салып,Құдайдың ашу-ызасын туғызды,Жалған тәңір мүсіндерін тұрғызды,Құдайдың зор қызғанышын тудырды. Ал Пінехес тұрып, зұлымдыққа қарсы шықты,Індеттің апаты осылайша тиылды. Жаратқан Иенің қаһары төгілетін сол күні алтын-күмістері оларды құтқаруға дәрменсіз болады. Оның ашу-ызасының отында бүкіл жер беті жанып кетеді, себебі Ол жер бетінде тұратындардың барлығын да аяқ астынан толықтай құртатын болады.
Выбор основного перевода