Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Маған және өз халқыңа Сенің рақымыңның түсіп тұрғанын қайдан біле аламыз? Өзіңнің бізбен бірге жүргеніңнен емес пе? Мені және халқыңды жер бетіндегі басқа күллі халықтардан ерекше қылып ажырататын соның өзі ғой. Адамзатты Алла Тағала таратқанда,Мұралық жерін үлестіріп әр халыққа,Исраилдің ұрпақтарының санынаСай белгіледі шекараларын сонда. Сонда Исраил аман-есен тұрады,Жақыптың бұлағы қауіпсіз болады,Лайым аспаннан шық түсетін болсын,Елдің наны мен шырыны молайсын! Сен оларды жер бетіндегі басқа барлық халықтардың арасынан Өзіңнің меншікті халқың болуға таңдап алғансың. Біздің ата-бабаларымызды Мысырдан бастап алып шыққан кезіңді осыны өз қызметшің Мұса арқылы айтқансың, уа, Жаратушы Тәңір Ие!»
Выбор основного перевода