Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдің үрім-бұтағының арасында тұрып, олардың Құдайы боламын. Сонда олар өздерінің Құдайы Жаратқан Ие Мен екенімді түсініп, араларында тұру үшін оларды Мысырдан алып шыққанымды білетін болады. Мен олардың Құдайы Жаратқан Иемін. Иеміз мойнына кінә артпайтын,Жан дүниесінде жалғандық болмайтынҚандай бақытты әрбір жан! Сонда алдыңда күнәмді мойындадым,Әділетсіздігімді енді жасырмадым.Жаратқанға кінәмді ашық айтам дедім,Сен сонда барлық күнәмді кешірдің. Мадақтау жиналысына шақырғанҚуанышты дауысты танып, қосылғанХалық сондай бақытты, өйткені оғанЖүзіңнің нұрында жүру бұйырылған, Иерусалимге жылы сөз айтыңдар,Мына хабарды оған жариялаңдар:«Өтіп кетті басыңдағы ауыр кезең,Кінәңнің құны өтеліп, кешірілдің!Себебі Жаратқан Иенің қолы сағанБар күнәңнің жазасын берді молынан». Жаратқан Ие тағы мынаны уәде етеді: — Сол заманда Солтүстік Исраилдің айыбы мен Яһуданың күнәсі іздесе де, еш табылмай жоқ болып шығады. Өйткені Мен халқымнан тірі қалдырған адамдардың күнәларын кешіремін».
Выбор основного перевода