Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өтінемін, келіп, сол халықты қарғап беріңіз. Олар бізден сондай қуатты! Мүмкін, осылай оларды күйретіп, елден қуып шыға алармын. Себебі сіз кімге бата берсеңіз, соның жарылқанатынын, ал кімді қарғасаңыз, соның қарғысқа ұшырайтынын білеміз». Сонда Балағам нақыл сөзін айтып былай деді:— Уа, Балақ, тұрыңыз да, мені тыңдаңыз,Иә, Сипор ұлы, маған құлақ салыңыз! ол мына нақыл сөзін айтты:— Беғор ұлы Балағамның пайғамбарлық сөзі,Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі: Сонымен Балағам мына нақыл сөзін айтып берді:«Мынау — Беғор ұлы Балағамның айтқан сөзі,Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі, Содан соң Балағам мынадай нақыл сөз айтты:«Оу, Құдай солай еткенде кім тірі жүрер, Рухым күйреген, күндерім таусылуға жақын. Алдымда күтіп тұрған көр ғана. Астарлы әңгімелерді айтамын,Әуелден бар құпияларды ашамын.
Выбор основного перевода