Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді Балағам нақыл сөзін айтып былай деді:— Балақ мені шақырды Арама аймағынан,Моаб патшасы алдыртты шығыс тауларынан:«Келіп, Жақыптың ұрпағын қарғап беріңіз, — Деп, — Исраил халқын лағынеттеп кетіңіз!» Сонда Моаб патшасы Сипор ұлы Балақ Исраилге қарсы соғысуға дайындалып, сендерді қарғасын деп Беғор ұлы Балағамды шақырып алды. Себебі сендер Мысыр елінен көшіп келе жатқан кездеріңде олар алдарыңнан нан мен су алып шығып қарсы алған жоқ. Керісінше, олар солтүстік Месопотамиядағы Петордан Беғор ұлы Балағамды сендерді қарғасын деп шақырып алып, жалдады.
Выбор основного перевода