Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді: «Исраилдіктерді (жалған тәңірге табындырып күнәға батырғандары үшін) мадияндықтардан өшімді ал. Содан соң өзің дүниеден өтіп ата-бабаларыңның қасына жөнелесің». Сонда Мұса халыққа былай деп бұйырды: «Араларыңнан ер адамдарды қаруландырып жасаққа жіберуге дайындаңдар! Олар Мадиянға қарсы аттанып, олардан Жаратқан Иенің өшін алсын. Сол өлгендердің арасында Мадиянның бес көсемі — Еуи, Рекем, Сур, Хур және Реба да болды. Исраилдіктер Беғор ұлы Балағамды да семсермен өлтірді. Осылайша жон даладағы барлық қалалар әрі аморлықтардың Хешебонда билік құрған патшасы Сихонның бүкіл патшалығы Рубен руына берілді.Мұса кезінде Сихон патшаны және сол елде тұрып жатқан мадияндықтардың Еуи, Рекем, Сур, Хур және Реба деген көсемдерін жеңген болатын.
Выбор основного перевода