Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ келесі күні ертемен олар таулы елге қарай өрлеп баруға дайындалып:— Иә, күнә жасадық, мойындаймыз! Енді Жаратқан Иенің айтқан жеріне өрлеп барамыз! — десті. Сонда Саул:— Мен Жаратқан Иенің бұйрығын және сіздің айтқандарыңызды орындамай күнә жасадым. Жасағымнан сескеніп, солардың айтқандарын істедім. — Мен күнә жасадым. Алайда мені халқымның рубасыларының көзінше әрі бүкіл Исраилдің көзінше құрметтей көріңіз! Екеуіміз бірге оралайық. Сонда Құдайыңыз — Жаратқан Иеге ғибадат етемін, — деп жауап берді. Сонда Дәуіт Натанға былай деді:— Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадым, соны мойындаймын! — Натан пайғамбар оған:— Онда Жаратқан Ие күнәңді кешірді. Сен өлімге бұйырылмайтын болдың.
Выбор основного перевода