Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Мен киелімін, сондықтан сендер де Өзіме бағышталып, киелі болыңдар! Жер бетінде жорғалап жүретін ешбір мақұлықпен өздеріңді арамдаушы болмаңдар! Құдайларың болу үшін өздеріңді Мысыр елінен азат етіп алып шыққан Жаратқан Ие Менмін. Мен киелімін, сондықтан сендер де киелі болыңдар! Лайым жақсылыққа деген талпыныстарың бәсеңдемесін; Иеміздің қызметінде жүріп, рухтарың жалындай берсін! Алайда Ол сендерді Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы Өзімен татуластырды. Бұны сендерді алдына әкелген кезде Өзіне бағышталған кінәратсыз, айып тақпайтындай таза болуларың үшін жасады. Қайта, өздеріңді шақырған Құдайдың қасиетті болғаны сияқты, сендер де бүкіл іс-әрекеттеріңде Оған бағышталған қасиетті болыңдар! Тауратта Оның былай дегені бар ғой: «Мен киелімін, сондықтан сендер де Өзіме бағышталып киелі болыңдар!»
Выбор основного перевода