Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер біреу өзінің бір жайтқа байланысты көргені не білетіні туралы куәлік келтіруге антпен шақырған дауысты естіп, содан бас тартса, оның күнә жасағаны, ол айыпты болады. және Менің Келісімімді бұзып, ережелерімді менсінбей, шешімдерімнен жиреніп, бүкіл өсиеттерімді орындаудан қалсаңдар, Исраил халқы елдерінен қуылып, жер оларсыз бос қалған кезінде, ел тынығу жылдарының орнын толтырып, рақаттанып тынығып жатады. Ал халық Менің шешімдерімді менсінбей, ережелерімнен жиренгендері үшін кінәларының жазасын тартады. Неге Жаратқан Иеңнің өсиеттерін аяқ асты етіп, Оған жек көрінішті осындай зұлым істі жасадың?! Хеттік Ұрияны семсермен өлтіртіп, оның әйелін тартып алып, өзіңе әйел қылдың! Сен Ұрияны аммондықтардың семсерімен өлтірттің! Нақыл сөзді елемеген кесірін көрер,Нұсқауды құрметтеген пайдасын көрер. Күнә жасаған жанның өзі соның жазасын тартып өлуге тиіс. Баласы әкесінің кінәсі үшін, әкесі де баласының кінәсі үшін жазаланбайды. Әділдің ізгі іс-әрекеті өзіне жақсылыққа саналады, әрі зұлымның арам іс-әрекеті өз мойнына артылады.
Выбор основного перевода