Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірінші тоқтыға қоса үш қадақ сығып алынған таза зәйтүн майымен араластырылған таңдаулы бидай ұнынан бір пұттың оннан бір бөлігін алып, өртеп жібер. Сұйық тарту ретінде үш қадақ шарапты соның үстіне құйып ұсын. Егер біреу Жаратқан Иеге астық тартуын ұсынса, онысын таңдаулы бидай ұнынан жасап, соған зәйтүн майын құйып, үстіне хош иісті шайырды қойсын. Астық тартуы жайындағы нұсқаулар мынадай: Һаронның ұлдары оны құрбандық үстелінің алдына Жаратқан Иеге арнап алып келсін. Ауруынан сауыққан адам сегізінші күні мінсіз екі еркек тоқты мен бір жасар ұрғашы тоқтыны әкелсін. Ол, сондай-ақ, астық тартуына арнап пұттың оннан үш бөлігіндей мөлшердегі зәйтүн майымен араластырылған таңдаулы бидай ұнын және бір шағын құмыра зәйтүн майын да дайындасын. Соған тиісті астық тартуы ретінде зәйтүн майымен араластырылған бір пұттың оннан екі бөлігіндей мөлшердегі таңдаулы бидай ұнын Жаратқан Иеге арналған хош иісті де ұнамды тарту ретінде өртеп жіберіңдер. Сұйық тарту ретінде бір шағын құмыра шарап ұсыныңдар. Бұған қоса пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын төрт жарым қадақ ең таза зәйтүн майымен араластырып, астық тартуы ретінде ұсыну керек.
Выбор основного перевода