Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонан кейін Жаратқан Ие Нұхқа былай деді: «Үй ішіңмен бірге кемеге кір! Себебі Мен сенің замандастарыңның арасында әділ екеніңді көрдім. Тіпті Нұх, Даниял, Әйүп үшеуі осы елде тұрып жатса да, әділ болғандарының арқасында олардың тек өз бастары ғана аман қалар еді. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Сонда елде Нұх, Даниял, Әйүп тұрып жатса да, олар әділ болғандарының арқасында тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, тек өз бастарын ғана аман алып қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін. Нұх пайғамбар әлі де көзге көрінбеген топан су туралы ескертілгенде, Құдайға сеніп, Оны терең қастерледі, сондықтан отбасын құтқару үшін кемесін жасап дайындады. Осы сенімімен Нұх дүниенің қиқарлығын әшкереледі, әрі сенім арқылы болатын ақталуға қолы жетті. Тәңір Ие ежелгі дүниені де аямай, арсыз зұлымдардың әлеміне топан су жіберді. Жалғыз құтқарғаны әділдікті уағыздаушы Нұх пайғамбар мен оның отбасы, барлығы сегіз-ақ адам, болды. Мәтусал дүниеге келген соң, Енох үш жүз жыл бойы Құдаймен тығыз байланыста жүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
Выбор основного перевода