Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құрбандықтардың жағымды иісі Жаратқан Иеге жеткенде, Ол іштей былай деді: «Адамның жүрегіндегі ой-ниеті бала кезден-ақ зұлымдыққа бейім болса да, Мен бұдан былай еш уақытта жерді адамдарға бола қарғамаймын. Енді ешқашан да Өзім жасағандай барлық тіршілік атаулыны құртып жібермейтін боламын. Жаратқан Ие көктен көз салады адамзатқа:«Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?»Деп байқайды Ол. Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға,Әбден бұзылды бірігіп барлығы да.Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да. Содан да Құдай сені мәңгі құртады,Үйіңнен күшпен қуып шығарады,Тірілер арасынан аластатады. Зұлым жоспар құратын ақыл-сана,Әрі асыққан аяқ соны орындауға, Адамның жүрегі бәрінен бетер алдамшы әрі жазылмайтындай бүлінген. Оны танып біле алатын кім бар? Себебі жүректен шығатындар мыналар: жаман ойлар, кісі өлтіру, неке адалдығын бұзу, азғындық, ұрлық, өтірік, жамандау. бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.
Выбор основного перевода