Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ажалы жақындағанда ол баласы Жүсіпті шақыртып алып, оған былай деді:— Маған жақсылық жасағың келсе, қолыңды жамбасымның астына қойып тұрып мынадай уәде бер: сен менің сүйегімді Мысырда қалдырмайсың. Маған деген сүйіспеншілігің мен адалдығыңның белгісі сол болсын. Мен ата-бабаларымның қасына аттанғаннан кейін сүйегімді Мысырдан әкетіп, олар жатқан қабірге апарып қоярсың! — Жүсіп:— Айтқаныңызды орындаймын, — деп сөз берді. Жақып:— Маған антыңды бер! — деген соң Жүсіп оған ант берді. Сонда Исраил таяғының басына сүйеніп тұрып Құдайға ғибадат етті. Асаның мәйіті Дәуіттің шаһарындағы өзі жартастан үңгіп дайындатқан қабірге, ондағы түрлі хош иісті заттар мен иісмайларға толы жайылған төсекке қойылды. Патшаның құрметіне үлкен от жағылды. Осы қалада қандай құқығың бар, қандай тума-туыстарың бар? Төбе басындағы жартасты үңгітіп, өзіңе керемет қабір дайындауға қалай дәтің барады? Содан оны жартастан үңгіп жасаған өзінің жаңа қабіріне апарып қойды. Бұдан кейін қабірдің дәу қақпақ тасын домалатып әкеліп, қабірдің кіреберіс аузын сонымен мықтап жауып, кетіп қалды.
Выбор основного перевода