Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен көрініп тұрған мына жердің бәрін саған және сенің ұрпағыңа мәңгілікке беремін. Енді жолға жиналып, осы бүкіл елдің түкпір-түкпірін кезіп шық! Өйткені оны саған беремін». Тәңір Ие Ыбырамға тағы да тіл қатып:— Мен Жаратқан Иемін. Сені осы елді иемденсін деп халдейлік Ур қаласынан алып шыққан Менмін, — деді. Ал Ыбырам:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, оны иемденетінімді мен қалай нақты біле аламын? — деп сұрады. сол елде жат жұрттық болып тұра бер! Саған жар болып, батамды қондырамын. Сенің ұрпақтарыңа осы жерлердің бәрін табыстап, әкең Ыбырайымға берген антымды жүзеге асырамын. Соның басында тұрған Жаратқан Ие аян беріп былай деді: «Мен Жаратқан Иемін, атаң Ыбырайым мен әкең Ысқақтың сиынатын Құдайымын. Сен ұйықтап жатқан жерді саған және ұрпақтарыңа беремін. Ыбырайым мен Ысқаққа беруге уәде еткен елді Мен саған да, кейінгі ұрпақтарыңа да беремін», — деді. Содан кейін Исраил Жүсіпке:— Біліп ал: жақында мен бұ дүниеден кетемін. Бірақ Құдай жар болып, сендерді аталарыңның жеріне қайтарады. Бар да, Исраилдің рубасыларын жинап алып, оларға былай де: «Ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие маған аян беріп, мынаны айтты: Мен сендерді назарымда ұстап келемін, Мысыр елінде көрген жәбірлеріңді түгел білемін. Сендерді Мысырдың езгісінен құтқарып, қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер қоныстанған, ағы мен балы ағыл-тегіл елге алып баруға уәде бердім». Жүсіп Құдайға сенгендіктен, бұ дүниеден аттанарда Исраил ұрпақтарының келешекте Мысырдан көшіп шығатындары жайлы ескертіп, өзінің сүйегін бірге алып кетулерін өсиеттеді.
Выбор основного перевода