Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал егер сендердің қандарың төгілетін болса, Мен сол үшін есеп беруді талап ететін боламын. Кез келген аңнан және кісіден адамның өмірі үшін есеп беруді талап етемін. Кімде-кім адамның қанын төксе, оның да қаны адам арқылы төгілетін болады, себебі Құдай адамды Өзіне (рухани жағынан) ұқсас етіп жаратты. Рубен осыны естігенде Жүсіпті бауырларынан құтқармақшы болып: «Оны өлтірмейік! Қан төкпеңдер! Оны айдаладағы құдыққа тастаңдар, бірақ қол жұмсамаңдар!» — деді. Осылай Рубен оны бауырларынан құтқарып, әкесіне қайтармақшы болды. Осылайша Жоғас патша Зәкәрияның әкесі Еходайдың өзіне істеген жақсылығын ескермей, ұлын өлтіртті. Зәкәрия жан тапсырардың алдында: «Жаратқан Ие осыны көріп, жауабын сендерден талап етсін!» — деді. Кім байқайды өз теріс қылықтарын?Тазарта гөр, Ием, құпия күнәмнан, Сол үшін де Әбілден бастап, құрбандық үстелі мен киелі үйдің арасында өлтірілген Зәкәрияға дейін, яғни дүние жаратылғаннан бері өлтірілген барлық пайғамбарлардың төгілген қандарының құны осы ұрпақтан талап етілсін! Иә, сендерге шындығын айтамын: ол осы ұрпақтан талап етіледі! Сол үшін де Әбілден бастап, құрбандық үстелі мен киелі үйдің арасында өлтірілген Зәкәрияға дейін, яғни дүние жаратылғаннан бері өлтірілген барлық пайғамбарлардың төгілген қандарының құны осы ұрпақтан талап етілсін! Иә, сендерге шындығын айтамын: ол осы ұрпақтан талап етіледі!
Выбор основного перевода