Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жүсіп ағаларының қасына келгенде олар оның киіп жүрген ұзын, әдемі шапанын шешіп алып, өзін құдыққа тастай салды. Құдық бос, суы жоқ болатын. Мұнан кейін ағалары тамақтану үшін жерге жайғасты. Сол кезде төңіректеріне көз тастап, Ғилақад маңынан келе жатқан ысмағұлдық саудагерлер керуенін көрді. Мысырға бет алып бара жатқан олар түйелеріне иісмай жасайтын құнды шайыр, май дәрі және мүр деген хош иісті зат тиеп алған еді. Сонда Яһуда аға-інілеріне: «Бауырымыздың қанын төгіп, оның өлгенін жасырғаннан бізге не түседі? Жүріңдер, оны ана саудагерлерге сатып жіберейік. Қандас бауырымыз ғой, оған қол жұмсамай-ақ қояйық!» — деп ұсыныс жасады. Аға-інілері бұған келісті. Мадияндық саудагерлер қастарынан өте бергенде ағалары Жүсіпті құдықтан шығарып алып, жиырма мысқал күміске сатып жіберді. Олар Жүсіпті Мысырға алып кетті. Ал егер адамдар кісенделіп, ауыртпалықтың бұғауында отырса, онда Құдай олардың істеп келген заңсыз іс-әрекеттерін әшкерелейді. Өздерінің менменсіп, асқақтағандарын да оларға көрсетеді, Олар ауыр кінәларын мойындап, алдыма келіп еркімді сұрамайынша, Мен көктегі орныма қайтып кетемін». Жарлының зарына құлағын жабатынТаппас өз зарына құлақ асатын.
Выбор основного перевода