Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Жүсіп болса, ысмағұлдық саудагерлер оны Мысырға апарған еді. Сол жерде Потифар есімді мысырлық уәзір Жүсіпті олардан сатып алды. Потифар перғауынның бас қорғаушысы болатын. Жүсіп оларға: — Маған жақындаңдар! — деп, олар қасына келгенде мынаны айтты: — Мен сендер Мысырға сатып жіберген Жүсіппін! Ал енді, ештеңені уайымдамаңдар, мені осында сатып жібердік деп өздеріңді кінәламаңдар! Өйткені Құдайдың Өзі мені осы жерге өмірлеріңді сақтап қалу үшін сендерден бұрын жіберді. Себебі исраилдіктер жерге егін еккен сайын, мадияндықтар амалектіктермен және шығыстың басқа да көшпелі тайпаларымен бірге оларға шапқыншылық жасай беретін. Алдарынан шығарды Ол бір жігітті,Мысырға құлдыққа сатылған Жүсіпті. Ал солар қызғаныштан (туған бауырлары) Жүсіпті Мысырға сатып жібереді. Бірақ Құдай жар болып, оны басына түскен қиыншылықтың бәрінен құтқарады.
Выбор основного перевода