Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Екеуінің мал-мүліктері көбейіп кеткендіктен бір орынға қоныстануларына жер аздық жасап, олар енді бір жерде бірге тұра алмады. Сонымен Лут өзіне шығыста орналасқан бүкіл Иордан алқабын таңдап алып, (үй іші, отар-табындарымен) сол жаққа қарай көшті. Осылайша екі туысқан бір-бірінен бөлініп кетті. Қазір өзің жат жұрттық ретінде тұрып жатқан бүкіл Қанахан елін саған және келер ұрпақтарыңа мәңгі иеленуге беремін. Мен ұрпақтарыңның да Құдайы боламын. Құдайдың Ыбырайымға берген батасы саған да, ұрпақтарыңа да қонсын. Осылай Құдай бір кезде Ыбырайымға уәде еткен, қазір сен жат жұрттық болып тұрып жатқан осы елді иемденіп алыңдар!»
Выбор основного перевода