Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда Едом елінде билік құрған патшалардың аты-жөндері мыналар: Беғор ұлы Бела, оның тұрған қаласының аты Дінхаба еді. Бела қайтыс болды, оның орнына Босорадағы Зарах ұлы Жобаб патшалық құрды. Жобаб қайтыс болды, оның орнына темандықтардың елінен келген Хушам патшалық құрды. Хушам қайтыс болды, оның орнына Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол мадияндықтарды Моаб жерінде жеңіп шықты. Хададтың тұрған қаласының аты Ауит болатын. Хадад қайтыс болды, оның орнына Масректен келген Самла патшалық құрды. Самла қайтыс болды, оның орнына Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патшалық құрды. Саул қайтыс болды, оның орнына Ахбор ұлы Бағал-Ханан патшалық құрды. Бағал-Ханан қайтыс болды, оның орнына Хадад патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау еді. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб болатын.
Выбор основного перевода