Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан, бәрін қорқыныш билеп, үрей басады,Меншікті халқың өтіп шыққанша жерлерінен,Зәрелері ұшады қолыңның құдіретінен,Тастай қатып тыныш отыр олар сол себептен. (Уәделі елге бет алған жолдарыңда) Мен алдарыңнан үрей тудырып, сендер тап болған әрбір халықты әбігерге түсіріп, барлық жауларыңды кері қашуға мәжбүрлеймін. Ешкім сендерге қарсы тұра алмайды. Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе уәде еткеніндей, қайда барсаңдар да, бүкіл елдегі адамдардың бәрін сендерден қорқып үрейленетін етеді. оларға былай деді:— Жаратқан Иенің сіздерге осы елді бергеніне көзім жетті. Сіздерден төнген зор қорқыныш біздерді билеп алып, елдің күллі тұрғындарының зәрелері ұшып әлсіреуде.
Выбор основного перевода