Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен солтүстік Месопотамиядан қайтып келе жатып, Қанахан еліндегі Ефратаға таяу қалғанда Рахила қайтыс болды. Мен оны жоқтап, сол жерде, Ефратаға бара жатқан жолдың бойында, қабірге қойдым. — Сол Ефратаның бүгінгі аты Бетлехем. Сол адамның аты Елімәлік, әйелінікі Нағима, ал екі ұлы Махлон мен Хилион еді. Олар ефраталықтар, Яһуда жеріндегі Бетлехем қаласының тұрғындары болатын. Осылай бұл отбасы Моаб еліне барып, сонда тұрып жатты. Ақсақалдар және қақпа алдындағы алаңда жиналған барлық адамдар:— Иә, куәміз, — деп растады. Олар Боғозды құттықтап: — Жаратқан Ие сенің үйіңе кіретін бұл әйелді Исраилдің үрім-бұтағын таратқан Рахила мен Лиядай ұрпақты ете көрсін! Сен Ефрата аймағында күшті болып, атың Бетлехемде жасасын! Ал сен, Ефрата аймағындағы Бетлехем, Яһуданың әулеттерінің арасындағы маңызсызы болсаң да, сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады. Оның шыққан тегі ежелгі заманнан, мәңгіліктен. «Ал сен, Яһуда жеріндегі Бетлехем, Яһуданың басты қалаларының арасындағы ең маңызсызы емессің: сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады».
Выбор основного перевода