Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол себепті Ыбырам мен Луттың малшыларының арасында дау-жанжал туа бастады. Бұның үстіне сол кезде қанахандық және перездік тайпалар да осы елді мекендейтін. Дишонның ұлдары: Хемдан, Ешбан, Итран, Керан. Езердің ұлдары: Билхан, Зағауан, Ақан. Ақыл-кеңестеріне ортақтығым жоқ,Қабылдаған шешімдеріне де қатысым жоқ!Олар ашуға беріліп, құртты адамның көзін,Қызық үшін бұқаның кесті тілерсегін. «Жаратқан Ие сендерге назар салып, үкімін шығарсын! Өйткені сендер бізді перғауын мен оның нөкерлерінің алдында сасық нәрседей жиренішті еттіңдер! Көзімізді құрту үшін олардың қолдарына қару ұстатып қойдыңдар!» — деп бұларға кінә артты. Сол жерде Ешуа Аханға: «Бұл пәленің бәрін біздің басымызға неге түсірдің? Енді Жаратқан Ие сенің басыңа пәле түсіреді!» — деді.Бүкіл Исраил болып Аханды таспен атқылап өлтірді. Оның үй ішін де таспен атқылап, барлығын отпен өртеп, Сонда барлық халық: «Саул філістірлердің қарауыл тобына шабуыл жасап, енді олар Исраилге өшігіп отыр!» — дегенді естіп, ер адамдар Саулға қосылу үшін Ғылғалға жиналды. Аммондықтар Дәуітті өздеріне қарсы өшіктіріп алғанын ұғынды. Сондықтан олар өкілдерін жұмсап, арамалықтардың Бет-Рехоб және Соба деген екі патшалығынан жиырма мың, Маханың патшасынан тағы бір мың әрі Тобтың адамдарынан он екі мың жаяу жасақшысын жалдап алды. Сол кезде бұл әулет әлі де аз болатын,Азғана кірме болып сонда тұратын.
Выбор основного перевода