Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейін Лия тағы да ұл тапқанда: «Жаратқан Ие менің (күйеуіме) ұнамсыз екенімді естіп, маған мына ұлды да сыйлады», — деп, оған Шимон (яғни «Естіп тұрған») деген есім берді. Тағы бір ұл туған соң Лия: «Енді күйеуім маған берік қосылатын болды, себебі мен оған үш ұл туып бердім», — деді. Сондықтан бала Леуі («Берік қосылған») деп аталды. Мұнан соң Лия бір қыз туып, оны Дина («Төрелік») деп атады. Ағайынды жігіттер Шимон және Леуі:Кісі өлтіргіш қарулар — семсерлері. Ақыл-кеңестеріне ортақтығым жоқ,Қабылдаған шешімдеріне де қатысым жоқ!Олар ашуға беріліп, құртты адамның көзін,Қызық үшін бұқаның кесті тілерсегін. Сол екеуінің жауыз ашу-ызасынҚарғыс атсын һәм рақымсыз қаһарын!Сендерді Исраилдің ішіне бытыратамын,Жақыптың халқының арасына таратамын.
Выбор основного перевода