Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің сендердің Құдайларың екенін бүгін антпен бекітесіңдер. Оның жолдарымен жүруге, ережелерін, өсиеттері мен шешімдерін орындап ұстануға және Оған мойынсұнуға уәде етесіңдер. онда мен аман-есен қайтып келген кезде алдымнан бірінші болып үй-жайымның қақпасынан шыққанды Жаратқан Иеге бағыштап шалып, түгелдей өртеп жіберемін». Себебі Арама өлкесіндегі Гешурде тұрған кезінде алдыңыздағы қызметшіңіз: «Егер Жаратқан Ие мені Иерусалимге қайтарса, мен Оған Хебронда сиынып ғибадат етемін» деген уәде берген болатын. — Саулдың немересі (Жонатан ұлы) Мепібосет те патшаны қарсы алуға Иерусалимнен шығып, Иорданға келді. Патша кеткен күннен бастап, аман-есен қайтып келген күнге дейін ол аяқтарын күтпей, сақалын қырықпай, киім-кешегін жуып ауыстырмай қатты қайғырып келген еді. Мепібосет патшаға:— Ол бәрін-ақ ала берсін. Маған патша иемнің өз сарайына аман-есен қайтып келгені де жетеді, — деп жауап берді.
Выбор основного перевода