Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен саған Бетелде көрінген Құдаймын. Сол жерде сен үстіне май құйып Маған бағыштап ескерткіш тас тұрғызып, Өзіме мойынсұнуға уәде берген едің. Енді тұрып, сапарға дайындал. Бұл жерді тастап, туған еліңе қайт!» — деді. Сонда Жақып бір үлкен тасты алып, ескерткіш ретінде орнатып, Жақып өзіне Құдай тіл қатқан сол жерде ескерткіш тас орнатып, оның үстіне Құдайға арнап сый-тарту ретінде сусын құйды. Содан кейін біраз май да құйып, ескерткішті Құдайға бағыштады. Бұдан кейін Мұса Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы — киелі шатырға және ондағы барлық нәрселерге арнайы май жағып, осы рәсім арқылы оларды Құдайға бағыштады. Мұса майдың біразын құрбандық үстеліне жеті рет бүркіп, сол үстел мен оның барлық бұйымдарына және қазан мен оның тұғырына май жағу рәсімін жасап оларды Құдайға бағыштады. Сол майдың біразын Һаронның басына құйып май жағу рәсімін орындап, Һаронды Құдайдың қызметіне бағыштады. Бұдан кейін Самуил Миспа мен Шен арасына үлкен тасты ескерткіш ретінде орнатып, оны Әбен-Езер («Көмек тасы») деп атады. Себебі ол: «Осыған дейін Жаратқан Ие бізге көмектесіп келеді!» — деп ризашылығын білдірді.
Выбор основного перевода