Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сенің алдыңда біз де күллі ата-бабаларымыз сияқты жат жұрттық, бөтен кірмелерміз. Бұ дүниелік ғұмырымыз көлеңке іспетті өткінші де үмітсіз. Сол кезде бұл әулет әлі де аз болатын,Азғана кірме болып сонда тұратын. Дегенмен Құдай оған бұл елден мұра бермеген, тіпті бір сүйем жер де бермеген. Алайда Ол: «Осы жерді Мен өзіңе және ұрпақтарыңа сыйлаймын», — деп уәде берген еді. Ал сол кезде Ыбырайымның баласы жоқ болатын. Уәде етілген елде ол жат жұрттық келімсек болып, Тәңір Иеге сеніп өмір сүрді. Сондай уәдені алған Ысқақ пен Жақып та Ыбырайым сияқты көшіп-қонып, шатырларда тұрып жатты. Ыбырайым, Ысқақ, Жақып үшеуі де сенімдерін ұстанған күйі дүние салды. Тәңір Ие өздеріне уәде еткен игіліктерді иемденбестен соларды тек алыстан ғана көріп, қуанды. Олар өздерінің жер бетінде тек жат жұрттық келімсек ретінде тұрғандарын мойындады.
Выбор основного перевода