Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ысқақ пен Ысмағұл әкелерінің мәйітін Мамренің қасында, хеттік Сохар ұлы Ефронның егістігінде орналасқан Махпела үңгіріне апарып, марқұм әйелі Сараның қасына қойды. Бұл жер танабы мен үңгірді Ыбырайым кезінде хеттіктерден сатып алған болатын. Бұл үңгір Қанахан елінде, Мамренің қасындағы Махпела егістігінде орналасқан. Оны (марқұм атам) Ыбырайым зират үшін жерімен қоса хеттік Ефроннан сатып алған. Сол қабірге марқұм Ыбырайым мен әйелі Сара, Ысқақ пен әйелі Рабиға қойылды. Соған мен Лияның мәйітін де апарып қойдым. Жер танабы мен ондағы үңгір — хеттіктерден сатып алынған меншігіміз. оның сүйегін Қанахан еліне, Ыбырайымның өз отбасының меншікті зираты ретінде хеттік Ефроннан сатып алған, Мамренің қасындағы Махпела егістігінде орналасқан үңгірге апарып қойды. Сихем деген жерге апарылып, қабірге қойылады. Қабірді Ыбырайым Сихемдегі Хамордың балаларынан күміс ақшаға сатып алған болатын.
Выбор основного перевода