Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Орна (бұл кезде астық бастырып жатқан еді. Ол) патша мен оның қызметкерлерінің келе жатқанын көрген бойда патшаның алдынан шығып, жерге дейін иіліп тағзым етті. — Патша ием өзінің қызметшісіне неге келді екен? — деп сұрады ол. Дәуіт:— Сенің қырманыңды сатып алуға келдім! Халықты қырып жатқан пәлені тоқтату үшін осы жерде Жаратқан Иеге бағыштап құрбандық үстелін тұрғызбақпын, — деп жауап қайтарды. Орна:— Патша ием өзінің қалағандарын сый-тарту ретінде қолдана берсін. Міне, өгіздер құрбандыққа шалынып, өртеліп ұсынылсын. Астық бастырғыш ағаш тақтай және өгіздердің мойынтұрығы отын ретінде пайдаланылсын. Уа, тақсыр, мұның барлығын да патшама сыйлаймын, — деді. Орна сөзін аяқтап: — Құдайыңыз Жаратқан Ие құрбандығыңызды қабылдап, сізге оң көзімен қарай көрсін! — деп ізгі тілек білдірді. Алайда патша Орнаға:— Жоқ, бұларды құнын төлеп сатып аламын! Мен тегін алғанды Құдайыма Жаратқан Иеге бағыштап құрбандыққа шалып, өртеп ұсынбаймын, — деп қарсылық білдірді.Сонымен Дәуіт қырман мен өгіздерді елу мысқал күміске сатып алды.
Выбор основного перевода