Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ыбырам Қанахан жерінде қала берді. Ал Лут Иордан алқабындағы қалалар арасында Содомға жақын жерде шатыр тігіп, қоныстанды. Сол адам:— Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады? Сен немене, мысырлықты өлтіргендей мені де өлтірмексің бе? — деп жауап қайтарды. Мұса: «Менің істегенім туралы жұрт біліп қойған екен ғой», — деп ойлап, үрейі ұшты. Келесі күні екі исраилдіктің төбелесіп жатқанын көргенде Мұса оларды татуластырғысы келіп: «Жігіттер, сендер бауырлассыңдар ғой! Қойыңдар, бір-біріңді неге жәбірлейсіңдер?» — дейді. Бірақ елдесін жәбірлеуші жігіт Мұсаны итеріп жіберіп: «Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады? Сен немене, кешегі мысырлықты өлтіргендей, мені де өлтірмексің бе?» — дейді. Ал әділ Лутты Тәңір Ие аман сақтап қалды. Ол айналасындағы арсыз адамдардың бұзық қылықтары үшін қатты қиналып жүрді. Сол ізгі жан олардың арасында тұрып, Құдайдың бұйрығына қайшы іс-әрекеттерін күн сайын көріп, естіп, өзінің әділ ар-ұжданы алдында азап шекті.
Выбор основного перевода