Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар көңілдері жайланып тым жақсы отырған кезде, қаланың азғын-сұмырайлары жиналып, сол үйді қоршап, есігін тоқпақтай берді. Үй иесі қариядан олар:— Үйіңе түскен кісіні бері алып шық, онымен жақындасып көрейік! — деп талап етті. Бұлардың бет-әлпеттері өздерін әшкерелейді. Олар ежелгі Содом халқы сияқты ашықтан-ашық күнә жасап, соларын мақтан да етеді. Өз бастарына өздері пәле тілеген олар қасіретке қалады! Сондықтан да Құдай оларды көңілдері ынтыққан азғындықтың былығына батырып жіберді; осылай олар өз тәндерін өздері қорлауда. Дәл солай кейбір еркектер де әйелдерімен табиғи қатынасты қойып, бір-біріне құмарлықпен ынтығып, азғындық істейтін болды. Олар тура жолдан тайып кеткендіктерінің тиісті жазаларын өз бойларында тартып жатты. Сол сияқты, Содом, Ғомора және маңайындағы қалаларды ұмытпаңдар: олардың тұрғындары жыныстық азғындықпен әуестеніп, табиғатқа қайшы ұятсыздықтарға салынғандары үшін жазаланды. Сонымен олар мәңгілік отта азап шегетіндердің мысалы болды.
Выбор основного перевода