Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Жаратқан Ие Содом, Ғомора, Адма және Себоим қалаларына қаһарын төгіп, құртып жіберген кездегідей, бүкіл елді өрт жайлап, күкірт пен тұз басады. Жерге еш нәрсе себілмейді де, еш нәрсе көктеп, өсіп шықпайды да». Бабыл қаласы — патшалықтардың сән-салтанаты, халдей халқының асқақ мақтанышы. Алайда Мен, Құдай, Содом мен Ғомораға істегенімдей, Бабылдың да астан-кестенін шығарамын. Менің ежелде Содом мен Ғомораны көршілес қалаларымен бірге құртып жібергенімдей, Бабылда да ешкім тұрмайтын, ешбір адам баласы оны мекендемейтін болады». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Сондықтан Әлемнің мәңгі тірі Иесі, Исраилдің Құдайы, өз атымен ант етіп былай дейді: — Моаб елі Содом іспетті, аммондықтар елі Ғоморра сияқты болады. Сонда олар қалақай шөбі қаптаған, тұзды шұңқырларға толған, мәңгілікке қаңыраған елсіз далаға айналады. Халқым Яһудадан аман қалғандары оларды тонап, елдерін иемденіп алады». — Бірақ Лут Содом қаласынан шыққан күні көктен от пен күкірт жауып, бәрін де қырып салды. Құдай Содом мен Ғомора қалаларын да үкімдеп, күл-талқандарын шығарды. Ол солардың мысалымен болашақтағы зұлымдардың неге ұшырайтынын көрсетті. Сол сияқты, Содом, Ғомора және маңайындағы қалаларды ұмытпаңдар: олардың тұрғындары жыныстық азғындықпен әуестеніп, табиғатқа қайшы ұятсыздықтарға салынғандары үшін жазаланды. Сонымен олар мәңгілік отта азап шегетіндердің мысалы болды.
Выбор основного перевода