Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Періште Ажарға Жаратқан Иенің мына сөзін де жеткізді:— Мен сенің үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін. — саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз етіп көбейтемін. Олар жауларын жеңіп, қалаларын басып алатын болады. Сенің үрім-бұтағың жер бетіндегі құм түйіршіктеріндей сансыз көп болады. Батыс пен шығысқа, солтүстік пен оңтүстікке тарайсыңдар. Өзің және ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға батам қонады. Жақыптың құмдай көп ұрпағын кім есептер?Исраилдің төрттен бірінің өзін санап көр!Көз жұмған кезімде сол әділдердей өлейін,Бұлардай ақ өліммен дүниеден өтейін! Сондықтан төрінен көрі жуық қарт адамнан аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз көп ұрпақ тарады.
Выбор основного перевода