Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Иеміз Ыбырайымға тіл қатып:— Менің атыма Содом мен Ғомора қалаларының үстінен қатты дауыспен айтылған шағым түсіп жатыр. Сол жерде жасалған күнәлар тым ауыр. Сіңлің Содомның күнәсі мынау болды: өзі де, маңындағы елді мекендер де өркөкіректеніп, әбден тойынып, бейқам болып кеткен еді. Олар бейшара жарлыларға қол ұшын да бермейтін. Ал әділ Лутты Тәңір Ие аман сақтап қалды. Ол айналасындағы арсыз адамдардың бұзық қылықтары үшін қатты қиналып жүрді. Сол ізгі жан олардың арасында тұрып, Құдайдың бұйрығына қайшы іс-әрекеттерін күн сайын көріп, естіп, өзінің әділ ар-ұжданы алдында азап шекті.
Выбор основного перевода