Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп: «Мен сенің ұрпақтарыңа осы жерді сыйлаймын», — деп уәде етті. Ыбырам сол жерде өзіне аян берген Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызды. Сенің тұқымыңды сансыз көбейтіп, көптеген халықты өрбітемін, сенен патшалар да шығатын болады. оңтүстіктегі Негев даласын әрі құрма ағаштары өсетін Иерихон қаласы орналасқан алқаптан Соғар қаласына дейінгі бүкіл өңірді көрсетті. Дегенмен Құдай оған бұл елден мұра бермеген, тіпті бір сүйем жер де бермеген. Алайда Ол: «Осы жерді Мен өзіңе және ұрпақтарыңа сыйлаймын», — деп уәде берген еді. Ал сол кезде Ыбырайымның баласы жоқ болатын. Уа, Құдайымыз, осы елдің бұрынғы тұрғындарын өз халқың Исраилдің алдынан қуып шығып, елді өз досың Ыбырайымның ұрпақтарына мәңгілікке табыстаған Сен емессің бе?
Выбор основного перевода