Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Аввакум
1 2 3
Параллельные места
Сол ел қамыстан жасалған қайықпен Ніл өзенімен елшілерін жібереді.Уа, жүрдек хабаршылар! Өзендермен бөлінген өз елдеріңе қайтыңдар! Әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл өз халқыңа мына хабарды жеткізіңдер: Сол кезде ұзын бойлы, сақал-мұртсыз, әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл халықтан Әлемнің Иесіне арналған сый-тарту келеді. Олар соны өзендермен бөлінген өз елдерінен Әлемнің Иесінің есімі құрметтелетін орынға, Сион тауына, әкеледі. Алайда халдейлердің әскері олардың соңынан аттанып, Седекияхты Иерихонның маңындағы елсіз далада қуып жетті. Олар оны қолға түсіріп, Хамат еліндегі Рибла қаласына Бабыл патшасы Набуходоносордың алдына апарды. Ол Седекияхқа үкім шығарды. Бабыл патшасы сол Риблада Седекияхтың ұлдарын оның көз алдында шауып өлтірді. Ол, сондай-ақ, Яһуданың барлық лауазымды адамдарын да шауып өлтіртті. Мұнан кейін Седекияхтың екі көзін ойып алып, қол-аяғына қола шынжыр салып, Бабылға айдап әкетті. Халдейлер патша сарайына да, халықтың үйлеріне де от қойып өртеп, Иерусалим қамалының қабырғаларын қиратып тастады. Кейінірек Бабылдың патша ұландарының әміршісі Набузар-Адан қалада тірі қалған адамдарды, Бабыл патшасының жағына өтіп кеткендердің бәрін және елде қалған өзге халықты тұтқындап Бабылға айдап әкетті.
Аввакум
1 2 3
Выбор основного перевода