Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Аввакум
1 2 3
Параллельные места
Мақтаншақтар тұра алмас көз алдыңда Сенің,Заңсыздық істейтіндердің бәрін жек көресің. Уа, Жаратқан, мұны көрдің, үнсіз қалма,О, Ием, Сен менен еш қашықтама, Сен солай істегенде Мен үндемедім,Сонда Мені өзіңдей есептедің.Ал қазір Мен сені сақтандырамын,Күнәларыңды көз алдыңа қоямын». Уа, Құдай, бола гөр маған мейірімді,Адамдар ұмтылады таптауға мені,Күні бойы қыспақтап, тап береді. Жауларым күнде қудалап өкшелейді,Менмендер маған қарсы бас көтереді. Әлемнің түкпір-түкпірлерінен біз: «Хақ Тағала даңқталсын!» деген әндерді естиміз.Алайда мен былай деймін: «Әттеген-ай, сорлы басым, мен қасіретке қаламын! Сатқын сатқындығын, опасыз опасыздығын қаталдықпен жалғастыра береді». — Уа, Жаратқан Ие, мен дауымды алдыңа салғанда, Сен әрқашан әділсің. Ал енді осы мәселелер жайлы Өзіңмен сөйлеспекпін: неліктен зұлымдардың өмірі табысты? Неліктен опасыздар алаңсыз жүріп өркендейді? Сен көшет іспетті елге отырғызған олар тамыр жайып, өсіп-өнуде. Олар ауыздарымен атыңды атай береді, бірақ жан дүниелері Сенен тым алыс. Сондықтан да Таурат заңы күшінен айырылған, әділ үкімдер еш орындалмайды. Зұлымдар адал жанды қоршап алып, қыспақтайды, осылай әділ сот бұрмаланады. Жүректері пәк тазалар бақытты:олар Құдайды көретін болады!
Аввакум
1 2 3
Выбор основного перевода