Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Аввакум
1 2 3
Параллельные места
Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы! Ежелден Құдай болып келеді баспанаң,Аясында боласың мәңгілік қолының,Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады,Оны жойып құртуға бұйырады, Уа, Жаратқан, қаһарланып сөге көрме,Ашуланып мені жазалай көрме. Уа, Ием, атам заманнан бері ӨзіңБаспанамыз біздің болып келесің. Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген,Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен. Жаратқан Ие былай дейді:— Ассур патшалығы қасіретке қалады! Мен оны ызғарлы қаһарыма ұшырағандарды жазалау үшін ғана таяқ, сойыл сияқты пайдаланамын. Ассурдың әскерін Менен безіп, қаһарымды шақырған арсыз халыққа қарсы аттандырамын, әрі оны тонап, олжалауға, даладағы саз балшықтай таптауға жіберемін. Алайда Ассур патшасының ой-ниеті Менің еркімнен басқаша: ол көптеген халықтарды жойып, мүлдем жоқ қылуды көздейді. Түзете гөр мені, уа, Жаратқан Ие, бірақ қаһарланбай әрі әділдікті қолданып түзете гөр, әйтпесе мен мүлдем құрып кетермін! Қорықпа, уа, қызметшім Жақып, — дейді Жаратқан Ие. — Себебі Мен саған жар боламын. Сені араларына айдатып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртпаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалап тәрбиелеймін. — Мен, Жаратқан Ие, еш өзгермеймін, (Келісіміме адал болып қаламын). Сондықтан да сендер, уа, Жақыптың ұрпақтары, құрып кеткен жоқсыңдар.
Аввакум
1 2 3
Выбор основного перевода