Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Олар ішіп отырғанда, алтын, күміс, қола, темір, ағаш және тастан жасалған жалған тәңірлерін дәріптеп, мақтау айтты. Сол сәтте кенеттен адам қолының саусақтары пайда болып, шам қойғыштың тұсында сарайдың әктелген қабырғасына бір нәрсені жаза бастады. Патша жазып жатқан қолға қарап, қатты абыржып кетті. Ол қорыққанынан қалш-қалш етіп, өңі қуарып, екі тізесі бір-біріне соғыла дірілдеп отырды. Дәл сол түні халдей патшасы Белшазар өлтірілді. Сендер піл сүйегімен әшекейленген төсек-орындарыңда жатасыңдар, төсектеріңде жатып шіренесіңдер. Жейтіндерің — отардың тоқтылары мен бордақы таналардың семіз еті. Өйткені Амос: «Еробоғам семсерден қаза тауып, Исраил халқы еш шүбәсіз өз елінен жер аударылады!» деп жүр. Сол үшін Жаратқан Ие саған мынаны айтады: «Сенің әйелің қалада жезөкше болып, ұл-қыздарың семсерден қаза табады. Жеріңді басқалар өлшеуіш жіппен өлшеп бөлісіп алады. Ал сен өзің болсаң, жат жерде өлесің. Солтүстік Исраилдің бүкіл халқы өз елінен жер аударылып кетеді!»
Выбор основного перевода