Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Сол орын ақ және көк түсті бәтестен тігілген перделермен безендірілген болатын. Олар мәрмәр бағаналарға тағылған күміс шығыршықтарға ақ бәтес және қырмызы түсті жіптермен байланған еді. «Пендем, Исраилдің «отарын бағушы» жетекшілеріне қарсы Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, өздерін ғана бағатын Исраилдің бақташылары, сендер қасіретке қаласыңдар! Қойды баққан отарын қамқорлауға міндетті емес пе? Сендер оның майлы сүтін ішіп, жүнінен киім киесіңдер, қоңдыларын сойып жейсіңдер, бірақ отарларыңды дұрыс бақпайсыңдар. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Шопан қойына тап берген арыстанның аранынан оның қос сирағын немесе құлағының бір жапырағын ғана шығарып ала алады. Сол сияқты Самарияда тұратын исраилдіктер де тек төсектің бір шетімен және жұқа жабынымен ғана құтқарылады. Мен байлардың қысқы және жазғы үйлерін де жермен-жексен етіп қиратамын. Сонда олардың піл сүйегімен әшекейленген үйлері және басқа да сарайлары күйреп жоқ болады». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Өзінің ескі күнәкар болмысын қанағаттандырушы сол болмысқа тән өлімді орады. Ал Құдайдың Рухына қызмет етуші осы Рухқа тән мәңгілік өмірді орады. Сендер бұ дүниеде молшылыққа белшеден батып, рақат кешіп келесіңдер. Құритын күндерің жетсе де, бордақыланған малдай семірудесіңдер.
Выбор основного перевода