Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2
Параллельные места
Қызметшім көптеген халықтарды қайран қалдырады. Оның алдында патшалар да ауыздарын жабатын болады. Себебі олар өздеріне еш хабарланбағандарды енді көреді, әрі еш естімегендерді енді түсінеді». Уа, Сион қаласы, еңсеңді көтеріп, айналаңа қара! Халқың жиналып, саған қайтуға дайындалып жатыр! Ұлдарың алыс жолдан келіп, қыздарың баппен көтеріліп әкелінеді. Оларды көргенде жүзің нұрланып, жүрегің дүрсілдеп, шат-шадыман боласың. Сен теңіздің мол байлығын иемденіп, халықтар өз қазыналарын саған ұсынады. Жеріңді түйелер қаптайды. Мадиян мен Ефа халықтарынан желмая түйелер айдалып, сәбалық керуендер де саған жиі тоқтайтын болады. Олар алтын мен хош иісті заттар тасып әкеліп, Жаратқан Иенің ұлылығын жырлап паш етеді». (Жасаған Ие былай дейді:) «Қидар тайпасы саған отар-отар қой-ешкілерін айдап әкеліп, Набайоттың адамдары да саған қошқарларын ұсынады. Сол малдар шалынып, құрбандық үстелімде өртелгенде Маған ұнамды болады. Мен сәулетті ғибадатханамды қайтадан нұрлы салтанатыма кенелтемін. Жел айдаған бұлттай зымырап, көгершіндей ұясына қарай зулап келе жатқан бұлар кімдер? Теңіз жағалауларындағы шалғай елдер Менен белгі күткен еді. Енді, міне, үлкен сауда кемелері бірінші болып жетіп жатыр. Сион, олар сенің ұлдарыңды алыстан алып келе жатыр! Олар Менің құрметіме алтын-күмістерін бағыштайды. Мен Өзім, сенің Құдайың Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, саған салтанат пен сәулет сыйлаймын. Саған қола орнына алтынды, темір орнына күмісті, ағаш орнына қоланы, тас орнына темірді иелікке беремін. Сенің еліңе бейбітшілікті билеуші, әділдікті әмірші етіп тағайындаймын. Мен араларында кереметтер істеп, билігімді паш етемін. Солардың аман қалғандарынан кейбіреулерін әлі де атағым мен ұлылығымды естіп-көрмеген алыстағы халықтарға жіберемін. Хабаршыларым батыстағы Тарсис жағына, Либияға, аты шулы садақшылардың елі Лүдияға, солтүстіктегі Тұбалға, Грекияға және аралдар мен теңіз жағалауларындағы басқа елдерге барып, сол халықтарға да асқан ұлылығымды жариялайтын болады. Алайда сол патшалардың заманында көктегі Құдай бір Патшалықты орнатады. Сол патшалық ешқашан күйремейді, Құдай бөтен халықтың оны жаулап алуына да жол бермейді. Қайта, осы Патшалық басқа барлық патшалықтарды біржола қиратып, өзі мәңгі берік тұрады. Содан соң Иса ғибадатханаға кірді. Жұртқа тағылым беріп жатқан Оның қасына елдің басты діни қызметкерлері мен рубасылары жақындап:— Бұл істерді қандай билікпен істеп жүрсіз? Сізге мұндай билікті кім берді? — деген сауал қойды. Олар Ғалилея аймағындағы Бетсайдадан шыққан Філіпке жақындап келіп: «Мырза, Исамен кездескіміз келеді», — деген тілек білдірді.
Выбор основного перевода