Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2
Параллельные места
Кім біледі, мүмкін, Ол ашуы басылып, сендерді мүсіркейтін шығар? Сонда Құдайларың Жаратқан Ие сендердің Өзіне арнап астық әрі сұйық тартулар ұсынуларыңа жететіндей мол жарылқауын жаудырар. Енді аман-есен тұқым себіліп, жүзімдік өз жемісін, жер өз өнімін беріп, аспан өз шығын түсіріп тұратын болады. Мұның бәрін Мен осы халықтың тірі қалғандарына мұралық меншік етіп беремін. Уа, Яһуда халқы әрі (Солтүстік) Исраил халқы! Сендер бұрын басқа ұлттардың арасында қарғысқа ұшырағанның мысалы болып келген едіңдер. Ал енді Мен сендерді құтқарамын, сонда сендер жарылқанып, игілікке кенелесіңдер. Қорықпаңдар, қолдарыңның күшін нығайтыңдар!»
Выбор основного перевода