Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2
Параллельные места
Сонда бұрынғы киелі үйді көздері көрген қарт діни қызметкерлер, леуіліктер және әулет басшылары осы жаңа киелі үйдің негізінің салынғанын көргенде қатты жылады. Ал басқа көптеген адамдар қуаныштан айқай салды. Бұл киелі үйдің болашақ салтанаты бұрынғы киелі үйдікінен де асып түседі, — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Осы жерде Мен амандық пен тыныштық сыйлаймын!» — Әлемнің Иесінің Өзі осы уәдені береді. Ұсақ-түйек істер істеліп үлгерілген күнді кім менсінбейді? Болашақта адамдар Зоробабелдің қолына тіктегішін алып, құрылысқа кіріскенін көрген кезде қуанатын болады. Ал әлгі жеті май шамы бүкіл жер бетіне көз салып бәрін де көріп тұратын Жаратқан Иенің «көздерін» білдіреді».
Выбор основного перевода