Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2
Параллельные места
Жаратқан Ие сендерге өкпе ауруын жібереді, содан денелеріңнің ыстығы көтеріліп, қабына ауырасыңдар. Сонымен қатар, Ол сендерге аптап ыстық пен қуаңшылық жолдап, егістіктерің қурап, ал қурамағаны көгеріп-шіріп, өсімдік татынан да құрып кетпек. Сендер әбден жойылып бітпейінше осы апаттар арттарыңнан қалмайтын болады. Еліше бұдан ертерек баласын өлімнен қайта тірілткен әйелге былай деп кеңес берген болатын: «Жаратқан Ие елге жеті жылға созылатын ашаршылық жіберетін болып шешті. Отбасыңызбен көшіп бара алатын жағыңызға көшіп барып, сонда уақытша тұрып келіңіздер». Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің,Құдай сені жарылқап, өркендейсің. Себебі Мен сендерді және істеген істеріңнің бәрін өсімдік татымен, қуаңшылықпен және бұршақпен зақымдадым. Әйтсе де сендер өкініп, Маған қайтып келмедіңдер, — деп ескертеді Жаратқан Ие. Сендердің барлығың, бүкіл халқың да қарғысқа ұшырадыңдар! Себебі сендер Менен ұрлап жатырсыңдар! Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер! Егістіктеріңдегі егінді ешбір пәлекет құртпайды, жүзімдіктеріңнің жемістері де жерге түсіп қалмайды, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. —
Выбор основного перевода