Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2
Параллельные места
Қасарысқан өркөкіректіктеріңді басу үшін аспанды темірдей қылып жаңбыр жаудырмаймын, жерді қоладай қылып қатайтамын. Төбелеріңдегі аспан қолаға айналғандай, жаңбыр жаумайды, ал астарыңдағы жер темірдей қатайып, кеуіп қалады. Егер олар көз алдыңда күнәлі болғанда Сен өздерін жазалап, аспанды жаңбыр жауғызбай жауып тастасаң, әрі олар бұл жерге қарай Саған сиынып, билігіңе мойынсұнып, күнәларынан бас тартса, Бірде Ғилақад аймағындағы Тішбенің тұрғыны Ілияс Ахаб патшаға барып, былай деп мәлімдеді: «Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Жаратқан Ие — Исраилдің Құдайының алдында шын айтамын: келесі бірнеше жыл бойы мен «Жаңбыр жаусын!» деп айтпайынша, елде не жаңбыр да жаумайтын, не шық та түспейтін болады!» Халық шын жүректен өзара: «Құдай Иеміз бізге күзгі де, көктемгі де жаңбырларын мезгілінде жауғызады, жыл сайын белгілі мерзімде өнім сыйлайды, Оны терең қастерлейікші!» десіп келмейді. Өз әділетсіз істеріңе бола осы жақсылықтардан құр алақан қалдыңдар, өз күнәларың сендерді бұл игіліктерден шет қалдырды.
Выбор основного перевода